• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

Алматы облысы: Індет белгісі анықталған тағы 3 адам оқшауланды

821 рет
көрсетілді

Жұқпалы індет белгісі табылған жетісулықтардың саны төрт адамға жетті. Бұған дейін вирус Қарасай ауданы аумағынан анықталған болатын. Бүгін тағы 3 науқастан коронавирус табылды. Олар Іле ауданы, Жамбыл ауданы және Қарасай ауданың тұрғындары екен. Қазір індет жұқтырғандар Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланған.

- Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 жағдай анықталды. Індет ошағы облыстың екі ауданында жаңадан тіркелді. Біріншісі, 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан болатын. Ол коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған.  Əйел адамнан анализдер алынды. Талдау қорытындысы бойынша ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды. Екінші жағдай - Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан, Ие Чоу-Алматы әуе бағыты бойынша OZ 577 рейсімен ұшып келген. Ал үшіншісі - 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Вирус анықталған азаматша жүктіліктің 21-22 аптасында. Сырқаттардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда, - деді оқиға орай мәлімдеме жасаған Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі.

Ал облыс əкімі Амандық Баталов індет анықталған аудандардың əкімдеріне дезинфекциялау шараларын күшейтуді тапсырды.

 

Алматы облысы