Коронавирус пандемиясы кезеңіне төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, Ақмола облысының соттарында кейінге қалдыруды күтпейтін сот процестері электрондық технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан өткізіледі.
Сот процестерінде адамдардың байланысын алып тастау және олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті азайту мақсатымен, соттар әкімшісі мынадай тапсырма қойды: бейнеконференцбайланыс жүйелерін сапалы қолдана отырып, сот мәжілістерін қашықтықтан өткізуді жолға қою. Ақмола облысы бойынша соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі ресейлік, Москва қаласының компаниясы «TrueConf» ЖШҚ-мен ынтымақтастық жасасты. Осының нәтижесінде «TrueConf» ЖШҚ-ы 2020 жылдың 1 маусымына дейін онлайн байланыс режимінде сот процестерін өткізу үшін 1000 есептік жазбаларды беретін болды.
Есептік жазба азаматтарға сотпен бейнеконференцбайланыс жүйесіне қосылуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап осы есептік жазбалар облыс соттары бойынша бөліп таратылды және техникалық мәселелер шешілді Соттардың бейнеконференцбайланыс режимінде сот процестерін өткізу бойынша жұмысы жеңілдетілген, онлайн режимінде істерді қашықтан қарауға соттар толық көшті.
Қазіргі таңда Ақмола облысының соттары сот мәжілістерін қашықтан өткізу үшін арнайы есептік жазбалармен 100 пайыз қамтамасыз етілген. TrueConfServer әр түрлі режимдерде және 4К UltraHD дейінгі ажыратымдылығында бейне қоңырау шалулар мен конференцияларды үздіксіз өткізуді қамтамасыз етеді. Әрбір азамат кез-келген қолжетімді құрылғының (дербес компьютердің, ноутбуктың, планшеттің немесе смартфонның) көмегімен онлайн сот процестеріне қатыса алады.