• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2020

Вирус таралуын бақылай алмау қаупі туындап отыр - Дәурен Абаев

305 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Құрметті Қазақстандықтар! Бұл тікелей эфирді онлайн брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырғандай, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде 40-тан аса адамның анықталғаны алаңдататын жағдай. Қазір вирус жұқтырғандардың саны 204-ке жетті. 1899 адам стационарлық карантинде жатыр. 3,5 мыңнан астам адам үй карантинінде, 6 мыңнан аса адам ауырғандармен байланыста болған, олардың 95% анықталды. Біз өте күрделі кезеңде тұрмыз. Вирус таралуын бақылай алмау қаупі туындап отыр», деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.