• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2020

Жұмысты, кредитті, бизнесті уайымдамаңыздар - Дәурен Абаев

618 рет
көрсетілді

Кеше бір күннің өзінде ТЖ талаптарын бұзғаны үшін 237 адам жауапқа тартылған, оның 74-і қамауға алынды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

«Өзге елдердегі жағдайға қараңыздар. Италияда бір күнде 969 адам қайтыс болған. Оның барлығы сақтық шараларына салғырт қарағанының салдары. Бұл жағдай барлығымызға сабақ және ескерту болуы керек. Коронавирус әсіресе жасы үлкен адамдарға қауіпті. Олардың ішінде бәріміздің атамыз бен әжеміз, әкеміз бен анамыз бар. Өзіміз үшін қорықпасақ та, ең болмаса, сол үлкендерімізді ойлайық. Кейбір адамдарда ауру белгісі бірден білінбеуі мүмкін. Ондай адам үйде отырмаса, өзі білмей адамдарға жұқтырады. Осылай ондаған отбасының обалына қалуы мүмкін. Осындай жағдайдан сақ болайық. Қазір вирусқа қарсы ең тиімді күрес –карантин режимін сақтау», деді министр.

Төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін бір тәулік ішінде 237 адам жауапқа тартылып, оның 74-і қамауға алынған.

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандардың саны өсуде. Бұл дегеніміз ауру кез келген жерде жұғыуы мүмкін. Қонақта, туыстардың үйінде, автобуста, кезекте тұрғанда. Алайда, көп адамдардың бұл ескертулерге салғырт қарайтынын көріп отырмыз. Мысалы, кеше бір күннің өзінде ТЖ талаптарын бұзғаны үшін 237 адам жауапқа тартылған, оның 74-і қамауға алынды. Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін. Бұған жол беруге болмайды. Сондықтан өзімізді, жақындарымызды сақтайық», деді Д. Абаев.

Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға резервтен 14,7 млрд теңге бөлді. Дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және коронавируспен күресіп жатқан адамдарға жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшін 21,4 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Салық декларациясын тапсыру мерзімі  ұзартылды.

«Жұмысты, кредитті, бизнесті уайымдамаңыздар. Мемлекет ешкімді тастамайды, көмектеседі. Зейнеткерге дәрі апаруға, мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізуге көмектесеміз. Бұған дейін бірнеше рет айтқанымыздай жұмыстан босаған немесе ақысы төленбейтін демалысқа шыққандар төлем алады. Бүгінгі таңда Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға резервтен 14,7 млрд теңге бөлді. Оған қоса дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және коронавируспен күресіп жатқан адамдарға жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшін 21,4 млрд теңге бөлінді. Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдіктеріне жеке қорғаныс құралдарын, дәрі және медициналық құралдар сатып алуға 10,7 млрд теңге қарастырылған. Қазір салықтық тексерушілер және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарау тоқтатылды. Салық декларациясын тапсыру мерзімі 30 наурыздан 30 сәуірге дейін ұзартылды», деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Сөз соңында министр мемлекет коронавируспен күреске қажетті барлық шараны жасайтынын атап өтті. Бірақ бірінші кезекте әр адам өзін-өзі, өз отбасын сақтауы керек.