Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте осылай деп мәлімдеді.
Ақпараттық жиынға Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Береке Дүйсебеков, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директоры Нұрлан Қабыштаев қатысып, азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстар жайлы айтып берді.
«Тұрақтандыру қорында 2 млрд 200 млн теңге бар. Тұтынуға ең қажетті деген 11 тауар түрінің бағасын көтермеу бойынша GraMad гипермаркетімен келсімшартқа отырдық. Олар бір жыл бойы тауарларды біз қойған шекті бағасынан асырмайды. Қазір азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұруда осындай жолдарды қарастырып жатырмыз», деді Мақсат Исахов.
Бүгінде қалада нан бағасының көтерілмеуіне жол бермеу мақсатында қала әкімдігі тарапынан арзандатылған бағамен наубайханаларға ұн таратылады. Сондықтан нан бағасы 75 теңгеден аспайтын болып келісіліп отыр. Қала басшысының орынбасары тауардың 36 түрі бойынша қор жеткілікті екенін, сондықтан тұрғындарға азық-түлік таусылып қалады деп, дүрбелең туғызудың қажеті жоқ екенін жеткізді.
«Бүгінгі күні қиын жағдайларға байланысты кәсіпорындар жұмыскерлерді уақытша демалысқа шығарып жатыр. Қала аумағындағы 400 кәсіпорынға хабарласып, сарапта жұмыстарын жүргіздік. Жұмыскерлер ең төменгі жалақыға қол жеткізуде сарсаңға салмауда палатада онлайн формат жақын арада іске қосылады», деп атап өтті Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директоры Нұрлан Қабыштаев.
Шымкент