26 наурызда шамамен сағат 18:15-де Шымкент қалалық Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция Басқармасының қызметкерлері төтенше жағдай жариялануына байланысты енгізілген негізгі талаптардың және қойылған шектеулердің орындалуын бақылауды жүргізу барысында алыстан келе жатқан пойыздың астына, темір жол рельсіне жатпақшы болған 17 жасар жасөспірімді байқады.
Полиция қызметкерлері Дәурен Майрихов, Біржан Сағынбаев, Дәулет Абубакиров және Темір Жәнібек бір сәтте ойланбастан батылдық танытып, жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде жасөспірім қызды ажалдан аман алып қалды.
Құтқарылған жасөспірім қыздың ата-анасы және жергілікті тұрғындар көздеріне жас алып, полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Полиция қызметкерлері аталған жасөспірімді Полиция басқармасына жеткізіп профилактикалық сұхбат жүргізді.
Нәтижесінде жасөспірім өз қателігін түсінді. Аталған оқиға темір жолда орын алғандықтан сұхбат жүргізіліп болған соң жасөспірімді желілік полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырды.
Шымкент