• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

Қарағандыда тағы үш адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

651 рет
көрсетілді

Қарағандыда коронавирус инфекциясын тағы да үш адамның жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы жаңа ғана тікелей эфирде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

Жаман індетке шалдыққан үш науқас карантинге жатқызылған адамдардың арасынан шыққан.

Сонымен, бүгінгі күнге дейін Қарағандыда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны жетіге жетті. Басқарма басшысы науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде екенін атап өтті. «Олар қажетті ем-домды толыққанды түрде алып жатыр», деді хабарлады Ержан Нұрлыбаев.

 

Қарағанды облысы