Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сыдымановтың қаулысымен аймақта мынадай шектеу шаралары енгізілді:
Халықтың қозғалысына, сонымен, қатар қоғамдық көліктің қозғалысына 2020 жылдың 30 наурызынан 19.00 ден 08.00 сағатқа дейін эпидемияға қарсы режим бойынша шектеу қойылды.
Тұрғындардың өз пәтелерінен шығуына шектеу қойылады ( тек ерекше қажеттілік болғанда ғана -дүкенге, дәріханаға, қоқыс төгуге және жұмысқа баруға рұқсат етіледі).
Көршілердің, туыстардың, әріптестер және т.б бір-біріне баруына шектеу қойылды.
Азаматтардың қоғамдық орындарға: саябақтар, алаңдар, балалар және спорт алаңқайлары және т.б. баруына шектеу қойылсын. Әуе және темір жол, автовокзалдарға шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне шектеу қойылды.
Маңғыстау облысы