• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2020

Қарағанды облысында бес қала карантинге жабылады

1009 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында 30 наурыздан бастап Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Теміртау қалалары карантинге жабылатын болды. Бұл туралы тікелей эфирде өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта Қарағандыда коронавирус жұқтырған жеті оқиға тіркелді. Серіктес қалалар тұрғындарының 20 пайызы Қарағандыға жұмысқа және басқа шаруаларымен келетінін ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермес үшін бұл қалаларды карантинге жабу туралы шешім қабылданды, – деді Қанат Асқаров.

Сонымен қатар, ол арнайы рейстерді шектемей авто және темір жол вокзалдарын жабу жөнінде мемлекеттік комиссияға өтініш хат жіберілетінін жеткізді. «Сондай-ақ, қоғамдық көлікті шектеу және карантин аумағын толықтай қоршап алуға өтініш жібереміз», деді облыстың бас санитар дәрігері.

 

Қарағанды облысы