28 наурыз күні кешке Қарақия ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі облыстық Департаменттің Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп өткізген жедел-алдын алу шарасы кезінде «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру барысында жалпы салмағы 79 келі болатын 20 дана бекiре тұқымдас балық анықталып, тәркіленді.
Күдіктіге қатысты «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге, сондай-ақ, тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Көлік айыппұл тұрағына жабылды.
Маңғыстау облысы