• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Наурыз, 2020

Отандық өндірушілерді қолдауға бағытталды

179 рет
көрсетілді

Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлығын орындау мақсатында Энергетика министрлігі наурыздың 25-де көмірсутекті жəне уран шикізатын барлау мен өндіру бағытында пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, сондай-ақ қызметтерді сатып алу ережесіне өзгеріс енгізді. Аталған шешім отандық жер қойнауын пайдаланушыларды қолдауға бағытталған. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП хабарлады

Осылайша жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлері CT-KZ сертификаты немесе Индустриялық сертификатпен расталған Қазақстанда жасалған тауар, жұмыс және қызметтерді байқау өткізбей бір көзден сатып алуға құқылы.  Бұл өзгеріс жақын күндері Энергетика министрлігінің 25 наурыздағы №110 бұйрығының жариялануынан кейін күшіне енеді. Дəл осындай жұмысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қатты пайдалы қазбалар сегментінде жүргізіп жатыр. Тиісті бұйрық жақын арада қабылданады деп күтілуде.