Конституция күні қарсаңында Атырау облысы соттарының ұжымы үлкен қуанышқа кенелді. Облыстық сот ғимаратының алдында өткен салтанатты жиналыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсенбаев сот ұжымын келе жатқан мерейлі мерекемен құттықтап 10 жеңіл автомашинаның кілтін табыс етті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев хабарлады.
«Жиында сондай-ақ 9 судья мен сот қызметкері облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды», - делінген хабарламада.
Жиында Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов, Қазақстан судьялар одағы Атырау филиалының төрағасы, Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Базарғали Қадірғалиев облыс басшылығына мерейлі мереке тұсында сот ұжымына жасаған тарту-таралғысы үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді. Барша әріптестерін Конституция күнімен құттықтап ел үмітін, халық сенімін ақтау жолында қара қылды қақ жарып, әділ билік айтуға шақырды.
Мұрат Айтқожа.