Қазір ғана Глазгодағы «Селтик Парк» стадионында ойналып біткен «Селтик» - «Шахтер» матчынан кейін баспасөз мәслихатында журналистер сұрақтарына жауап берген қарағандылықтардың бас жаттықтырушысы Виктор Кумыковтың жауаптарын назарларыңызға ұсынамыз. Ол өте қысқа айтылды.
-Мистер Кумыков, қазір қандай сезімді бастан кешіп отырсыз?
-Жалпы, біз өзімізден шеберлігі жоғары командаға ұтылдық. Тұтастай алғанда, оның әрбір ойыншысы жекелей тұрғыда біздің футболшылардан артық. Шынтуайтында, осылай аяқталғаны әділдік. Бірақ біздің қосымша уақытта ғана жол беріп алғанымыз өте өкінішті. Біз бірінші голды да, үшінші голды да қосымша уақытта өткізіп алдық. Ахуал басқаша қалыптасқанда, бәрі өзгеше болар еді. Өкінішті, бірақ оған істер айламыз жоқ. Енді Еуропа лигасында ойнайтын боламыз.
-Сіз бірінші рет мүмкіндігі туған Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өте алмағандарыңызға қапа болып отырсыз ба?
-Әрине, ондай қапа болушылық бар, бірақ, тұтастай алғанда, мұны әділдік деп санауымыз керек.
Дамир Қожамқұл.