• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Наурыз, 2020

«Ол - менің өмірлік махаббатым»: Қатерлі ісікке шалдыққан қария жарына қоштасу хатын жазды

627 рет
көрсетілді

Англияның Сейл қаласының қатерлі ісікке шалдыққан тұрғыны дәм-тұзым таусылып қалды десе керек, 22 жыл бірге тұратын жарына жантебірентерлік хат арнады деп хабарлайды egemen.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Сексеннің сеңгіріне шыққан Норман Поллард қатерлі ісіктің соңғы сатысымен ауырып, 84 жастағы әйелі Рене Фордтан оқшауланған екен. Сірә, өмір сүруіме аз уақыт қалды деп ойлады ма, қосағына хат жазып қалдыруды ұйғарыпты.

«Қаншалықты ұзақ өмір сүретінімді білмеймін, - деп жазады қария. - Вирус менің жағдайымды нашарлатады. Оған бұл хатты беру мен үшін өте маңызды болды».

Поллард Ренеге хатты апарып тастауға ниет білдірген еріктімен әңгіме барысында жары үшін уайымдайтынын сөз еткен.

«Мен жоқ болып кеткен кезде оны қатты сағынатын боламын. Мұнда менсіз қалай күн кешетіні алаңдатады. Ол - менің өмірлік махаббатым. Мен үшін бәрін істеді. Мұның бәрін оған жеке айтқанмын. Алайда онда соңғы қоштасу хатымның болғанын қаладым. Ол оны қанша қаласа, сонша рет оқи алады» деді ол.

Хатты алған кезде Рене күйеуінің өзі үшін қаншалықты маңызды екенін айтты.

«Норман - жарқын адам. Ол маған сезімін білдірді. Мен ол туралы бұрыннан білетінмін, алайда хат мен үшін маңызды» дейді Рене. 

 

фото red gross