• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Наурыз, 2020

«Чукур» сериалының командасы көрермендермен жаңа форматта қауышты

327 рет
көрсетілді

Түркияда жоғары рейтингке ие болған «Чукур» сериалы #ҮйдеОтыр челленджін қолдады.

Коронавирус індетінің Түркиядағы сериалдардың түсіріліміне кедергі келтіргені белгілі. Бүгінде бірнеше сериалдың түсірілімі кейінге шегеріліп, барлығы карантин режімін сақтап, үйде отыр. «Чукур» сериалының командасы жаңа бөлімдерді күтіп қалған көрермендері үшін YouTube желісінде  тікелей эфирге шығып, олармен сұхбаттасты. #ЧукурҮйде эфирінде актерлер бүгінде немен айналысып жатқанымен бөлісіп, үйде отырудың маңызды екенін де түсіндіріп өтті. Сонымен қатар вирустан сақтанудың жолдарымен бөлісіп, жақын арада қайта қауышуға асығатынын жеткізді. Осылайша, #ҮйдеОтыр  акциясына үлес қосып әрі көрермендерімен жаңа форматта байланысты.