• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2020

Өскемен мен Семей қалалары бойынша 2 сәуірде сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеулер енгізіледі

268 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстарына сілтеме жасай отырып ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Шығу және кіру шектеледі, 15 бақылау-өткізу пункті қойылады. Көлік қозғалысы күндіз шектеліп, түнде тоқтайды. Тек қызметтік көліктерге рұқсат берілді» делінген онда.⠀

6 сәуірден бастап, жеке көлік қозғалысы шектеледі. Күнтізбенің жұп күндері, көлік нөмірі нөлді қосқанда, тек жұп санына аяқталғандар, ал тақ күндері, көлік нөмірі тақ санға аяқталғандар ғана жүреді.

6 сәуірден бастап, Өскемен, Семей аумағында тұрғындардың жүріс-қозғалысы тек рұқсат қағазы арқылы жүзеге асады:

І түрі – қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлері, жұмыс істейтін азаматтарға арналған.⠀

ІІ түрі - әрбір отбасына беріледі. Ол арқылы аптасына 3 рет сауда нысандарына, дәріханаларға, банктер мен медицина мекемелеріне баруға болады.

Рұқсат қағазының жасыл түсі - жұп күні, Ақ түсі - айдың тек, тақ күндері шығуға мүмкіндік етеді.⠀

2 сәуірден бастап, азық-түлік бөлімдерінен басқа, ірі сауда нысандарының қызметі тоқтайды. 

Мейрамханалар, дәмханалар, асханалар онлайн түрде тапсырыс алу, жеткізу режиміне өтеді.

Қызмет көрсететін – сұлулық салондары, массаж орталықтары, сауналар толық жабылады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілді. Өскемен 200, Семей 202 шаршы аумаққа бөлінді. Коммуналдық және байланыс қызметтері үздіксіз жұмыс атқаратын болады.