• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Наурыз, 2020

Елорда мен Алматыға заңсыз кірмек болған 33 адам жауапқа тартылды

172 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Төтенше жағдай кезінде шектеулерге қарамастан 33 адам Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына заңсыз кірмек болғанын айтты.

 

«Ақтау, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалаларында шектеу шаралары енгізілді. Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарына кіруге тыйым салынды. Ертеңнен бастап, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облысы жабылады», деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, жалпы елімізде карантин аумақтарындағы режимді күзету үшін 147 блок-бекет қойылған.

«Төтенше жағдай кезінде енгізілген шектеу мен тыйымға қарамастан, заң бұзушылық әрекеттер тіркелуде. Мәселен, елорда мен Алматыға заңсыз кірмек болған 33 адам жауапқа тартылды. Олардың арасында ақшалай сыйақыға блок-бекеттерді айналып өтіп, жолаушы тасуға уәде бергендер бар», деді ол.