11:15-тегі жағдай бойынша тағы 15 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтанда - 6, Алматы қаласында - 2, Қарағанды облысы - 1, Ақмола облысында 1 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды. Қазіргі таңда 24 адам жазылып шықса, 3 адам қайтыс болды.
11:50-дегі жағдай бойынша Қызылорда облысында тағы 6 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам,
Алматы қаласында – 84 адам,
Қызылорда облысында - 24 адам,
Қарағанды облысында - 14 адам,
Ақмола облысында - 16 адам,
Атырау облысы - 16 адам,
Жамбыл облысында -3 адам,
Шымкент қаласында - 3 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Алматы облысында - 8 адам,
Ақтөбе облысында - 3 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам,
Павлодар облысында - 1 адам,
Маңғыстау облысында - 1 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 369 науқас тіркелді.