• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2020

Маңғыстау облысы: ТЖ кезінде зардап шеккен халық пен бизнес иелерінің қарыздарын 90 күнге тоқтату тәртібі бекітілді

525 рет
көрсетілді

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Нұртас Машанов мәлімдеді.

Бұл тәртіп барлық екінші деңгейдегі банктерге, ломбардтарға, онлайн-кредиттеу компанияларын, кредиттік серіктестіктерге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты қолданылады.

Жеке тұлға немесе шағын және орта бизнес өкілдері өтінішін 2020 жылдың 16 наурыз – 15 маусым аралығында бере алады. Бұл халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарына, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, тіркелген жұмыссыздарға мерзімін кейінге шегеру автоматты түрде жүзеге асырылады.

- Басқа азаматтар кредиттік ұйымға уақытша жұмысқа жарамсыз, ақысы төленбейтін еңбек демалысында болу, еңбек қатынастарын тоқтату, жалақы төлеуді тоқтата тұру немесе басқа да себептерін көрсете отырып өтініш жасай алады. Жеке тұлғалардан растайтын құжаттар ұсынуы талап етілмейді, алайда асыра пайдалануды болдырмау үшін кредиттік ұйым жеке тұлғаның қаржылық жағдайының нашарламағаны туралы ақпарат болған жағдайда төлемдерді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдауы мүмкін, - деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Нұртас Машанов.

Шағын және орта бизнес субъектілері өздерінің қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжатты қоса бере отырып банкке немесе микроқаржы ұйымына өтініш жасауы қажет. Төлемдерді тоқтата тұру банктік қарыз, микрокредит және кепіл шарттарына қосымша келісімдерге қол қоймай жүзеге асырылады. Төлемдерді тоқтата тұру кезеңі тәртіптің талаптарына сәйкес келетін қарыз алушылар бойынша шағым-талап қою жұмысы тоқтатылады. Айта кетейік 2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығындағы кезеңде кредиттік ұйымдар төлемдерді тоқтата тұру туралы өтінішті қарағаны немесе тиісті шарттарды өзгерткені үшін қарыз алушылардан комиссиялар мен өзге төлемдерді алмайды.

 

 

Маңғыстау облысы