• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Сәуір, 2020

Шағын кәсіпорындар шығынға батпауы тиіс

504 рет
көрсетілді

Елдегі төтенше жағдай кезінде мемлекеттің экономиканы қолдау шараларына қандай? Ұлттық банк елде төтенше жағдай енгізілген кезеңде ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру және экономика салалары мен секторларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін халық пен кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қолдау шараларын қабылдады. Бұл мақсатқа ел экономикасына 1 трлн теңгеден астам қаржы көзделді.

Сонымен қатар, салық төлемдерін тоқтату, шағын және орта кәсіпкерлерге аренда төлемін кейінге шегеру сынды шаралар қабылданып отыр. Экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, «Есеп, аудит жане каржы» кафедрасынын доценты Ажар Бейсенбаеваның айтуынша, COVID-19 пандемиясына байланысты дағдарыс жағдайында халық пен кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын уақтылы қолдау жаһандық экономика үшін негізгі міндеттердің бірі болмақ. Осы дағдарыста бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайын қалыпты деңгейде ұстау үшін  мемлекет экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлар жасауға міндетті. Яғни, ел экономикасына бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы үшін басқару тетіктерін жетілдіру қажеттілігі туындайды. Бүкіл әлемде белең алған дағдарыс шағын кәсіпорындардың жұмысына айтарлықтай әсер етті. өндіріс қуаттылығы, жұмысшылардың жалақысы, сұраныс төмендеді, несиелер қымбаттады. Дегенмен туындаған проблемалармен қатар шағын кәсіпкерліктің де өзіндік артықшылықтары бар.

̶ Кәсіпкерлікті қолдау және Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 7 негізгі бағытты қамтитын шұғыл шаралар кешені әзірленді. Осы қабылданған шаралар кәсіпкерлерге деген сенім арттырып отыр. Президенттің халыққа жолдаған мәлімдемесінен кез келген Қазақстан азаматы өзіне тиесілі жәрдем ақысын, ал кәсіпкерлер берілген мүмкіндікті өз мерзімінде қолданысқа тиімді пайдалануы қажет. Енді Үкімет алдындағы басты міндет бәлінген қаржы мақсатты жұмсалуын қадағалау үшін реттеу құралдарын пайдалану тәртібін бекітуі тиіс, ̶ деді сарапшы. Оның айтуынша, бүгінгі қысылтаяң уақытта әлемдік мұнай бағасының арзандауы жағдайды тіптен ушықтырып отыр. Осы ретте, сырттан келетін тауарларға қойылған шектеу де біздің қаншалықты импортқа тәуелді екенімізді көрсетуде. Бағаның тұрақты болуы аса маңызды.

̶ Бүгінде мұнай бағасының арзандауы шетелдік валютаның бағамын көтергендіктен импортталатын тауар бағасында жоғарлатып отыр. Яғни, дағдарыста күн көріс деңгейі төмендеген халыққа, шикізат немесе қызметіне пайдаланатын өнімді сырттан әкелетін кәсіпкерлерге қаржылық жағдайының төмендеуіне әкеледі. Кәсіпкерлер өндірістік немесе қызметінің көлемін азайтуға мәжбүр болады. Сондықтан отандық тауарөндірушілер мүддесін қорғау басты міндетіміз. Елімізде халық сырттан тасымалданатын тауарға бейімделіп алған. Бүгінде шетелден тасымалданған импорт  2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,1% өсіп, 1,4 млрд доллардан асты. Доллардың бағамы өскенде бұл құбылыс экономикамызға кері әсер туғызуы мәлім. Демек, шикізат пен материалдарды өз елімізде өндіріп, өңдеп халықтың сұранысын қанағаттандыру өте пайдалы,  ̶  деді Ажар Бейсенбаева.