• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2020

Елімізде тіркелген 369 науқастың 91-і шетелден келген - Айжан Есмағамбетова

214 рет
көрсетілді

Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында енгізілген қаулыға байланысты түсініктеме берді.

«Қаулы бойынша мемлекеттік шекарадағы блок-бекеттерде санитарлық карантиндік бақылау басты назарда. Әсіресе ел ішіндегі індетке қарсы шаралар күшейтіледі. Қаулыға сәйкес елімізге шетелден келгендер  3 күн бойы лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін оқшауланады. Егер қан талдамалары теріс нәтиже көрсетсе, онда олар 14 күнге үй карантиніне жіберіледі. Ал вирус анықталған жағдайда олар инфекциялық стационарларға жатқызылады», деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте елімізде тіркелген 369 науқастың 91-і шетелден келгендер. Ал қалған анықталған науқастар індет жұқтырғандармен байланыста болған адамдар.