• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2013

Төр Алтай – түбі бір түркі жұртының басын қосты

490 рет
көрсетілді

Шығыс өңірінде биыл екінші мәрте ұйымдастырылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форум табысты өтті. Әлемнің 12 елінен және Ресей құрамындағы түркітілдес елдерден келген өкілдер қатысқан жиын екі күнге созылды.

Шығыс өңірінде биыл екінші мәрте ұйымдастырылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форум табысты өтті. Әлемнің 12 елінен және Ресей құрамындағы түркітілдес елдерден келген өкілдер қатысқан жиын екі күнге созылды.

Форум басталған күні өткен ғылыми-тәжірибелік конференция қасиетті Алтай асқарының адамзаттың алғашқы атажұрттарының бірі болғандығын тұшымды тарихи деректермен тағы бір тағандай түсті. Атаулы жиынды ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен түркітілдес елдердің ұдайы интеграциялық қарым-қатынастарды дамыту үстінде екенін жеткізе отырып, түркі халықтарының төл мекені, өркениет бесігі атанған Төр Алтай өңіріне, адамзаттың біртуар перзенттері Абай мен Шәкәрімнің еліне қош келдіңіздер деді.

– Форумды өткізудегі мақсатымыз – түркітілдес елдер тарихын зерттеумен бірге, Алтай өңі­ріне қатысы бар, көршілес, шекаралас мемлекеттер арасындағы экономикалық қарым-қатынасты жалғастыру. Бұл форум Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл қолға алынған «Халық тарих толқынында» кешенді бағдарламасына сәйкес келіп отыр, – деді конференцияның беташар сөзінде Бердібек Сапарбаев.

Алғашқы сөзді алған Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед төңкеріске дейін де, Кеңес Одағы тұсында да әлемдегі түркітанудың ең үлкен орталығы Ресей, оның ішінде Санкт-Петербург императорлық университеті болғанын, түркітанушылардың Ахмет Байтұрсынов бастаған алғашқы буынының Қазақстанда ғана емес, барлық түркі республикаларында репрессияға ұшырауы, олардың қиын да қилы тағдыры түркология саласының ұлт республикаларында өсіп-өркендеуіне аса зор зардабын тигізгенін атап өтті.

– Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана түрлі саяси-идеологиялық кедергілер алынып, түркі тарихының жаңа кезеңі басталды. Міне, осы жаңалықтардың басы-қасында Елбасымыз тұрды. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен «Мәдени мұра» бағдарламасы жасалып, соның негізінде Қытай, Ресей, Иран, Үндістан және Еуропа мен көптеген араб елдеріндегі қазақ тарихына қатысты мыңдаған деректер жиналып, жүздеген том болып жарық көрді. Елбасымыздың бастамасымен түркі халықтары тарихында тұңғыш рет бүкіләлемдік Түрік академиясы құрылып, академик Шәкір Ибраевтың басшылығымен өз жұмысын дүниежүзі деңгейінде жалғастырып отыр. Осылайша, Ресей ғалымдары мойындағандай, Қазақстан қазіргі кезде түркітанудың әлем таныған жаңа орталығына айналды, – деді министр.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, бүгін­де 30-дан астам ұлт пен ұлыстан тұратын түр­кі халықтарының саны 200 миллионға жуық­тады. Олар оңтүстік-батыста Жерорта теңізі­нің жағалауынан бастап, солтүстік-шығыста Сол­түстік Мұзды мұхитқа дейінгі Еуразияның апай­төс алып даласында алты тәуелсіз мемлекет, оның ішінде Ресей Федерациясының өзінде 20-дан астам түркітілдес халықтардың түрлі субъек­тілерімен, кей жерде автономиялық, кей жерде еш субъектісі болмаса да үлкен облыстар құрамында өмір сүріп жатыр. 200 миллионға жуық халық бір кездері бір мемлекеттің құрамында болған. Егер адамзат тарихының кейінгі 1,5 мың жыл бұрынғы тарихын санамалайтын болсақ, түркі жауынгерлерінен қорғану үшін Ұлы Қытай қорғаны салынған. Өзінің басты қарсыласы түркілер деп есептеген Қытай тарихында бірыңғай сақтану, күшею, нығаю тарихы жүрді. Ал түркі жұртының тарихы 745 жылы Түрік қағанаты ыды­рағаннан кейін ыдырау, бөліну, бөлшектену тарихы болды. Нәтижесінде, ХХ ғасыр басында дүниежүзі картасында жалғыз тәуелсіз түркі мем­ле­кеті – Түркия орын алды, қалған 30-ға жуық үлкенді-кішілі, жалпы саны ондаған миллионнан асатын үлкен түркі этностары алпауыт мемлекеттер құрамындағы басында билігі жоқ бодан елге айналды.

– Міне, Елбасы тарапынан түркі тарихының «түбіміз – бір, түгеліміз енді жиналуымыз керек» деген ұраны тәуелсіздік тұсында айтылып, түркі дүниесінің тұтастану ғасыры басталды. Сондықтан, ХХІ ғасыр – түркі дүниесінің тұтастану, түркі халықтарының өсіп-өркендеу ғасыры болатындығына ны

Соңғы жаңалықтар