• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2020

Қалғымайтын қаладан – карантиндегі қалаға дейін

355 рет
көрсетілді

Әдетте елорданың тіршілігі күні-түні бір дамылдаған емес. Қай саланың да қазандығы үздіксіз қайнап жататын. Ал қазір бас шаһардың тынысы бұрынғыдан өзгерек. Қаптаған көліктің шуы азайып, тірлік  саябырсыған. Қалғымайтын қаланың тұрғындары да жым-жырт...Карантин өйткені. Қаланың қазіргі дамылдаған кезеңі әдеттегі күндегі түнгі тыныштықпен пара-пар келеді екен.

Қазіргі карантин жағдайына байланысты еліміздің бас қаласында көлік қозғалысы күрт азайып, тұрғындардың өзін-өзі оқшаулауы 4,25 балл деңгейіне жеткен. Бұл туралы Нұрсұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова Телеграмм-каналында хабарлады.

Жол қозғалысын бақылайтын «Сергек» трафигінің индексі бойынша 2020 жылдың 12 наурызынан бастап, елорда жолдарында көлік саны 71 пайызға азайған. Мамандар «Сергек» жүйесінің карантинге дейінгі және төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілгеннен кейінгі деректерді салыстырған. Сонда бұрын әдеттегі қала тіршілігіндегі күндізгі қозғалыс 0,5 балға тең болса, елорданың түнгі уақыттағы көрсеткіші 4.6 балл болған.

Ал қазіргі карантин кезеңіндегі қалалық қызметтердің, атап айтқанда, полицияның, жедел жәрдемнің, ас-су таситын қызметтердің қозғалысын қоса есептегенде, ең жоғары балл ­– 4,5-ке ғана жеткен, яғни әдеттегі түнгі кездегі тыныштықпен пара-пар болған. Бұл дегеніңіз бас шаһар тұрғындарының өзін-өзі оқшаулау тәртібін айтарлықтай сақтап жатқанын білдіреді, дейді әкім орынбасары.  

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ