- Медицина қызметкерлері эпидемиямен күрес барысында кейде жұмыста қалып жасауға тура келеді. Олардың да отбасылары бар, біреуінде қарттары енді біреулерде кішкентай балалары бар. Біздің қызметкерлерге қолдау көрсетіп жатқандарға алғысымыз шексіз, әсіресе үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастырған шағын және орта бизнес өкілдеріне. Сонымен қатар техникалық қызмет көрсету сервисінің жетекшісі Рауф Алиев жедел жәрдем станциясының көліктерін тегін жөндеуге қол ұшын берді. Көмек қолын созудан Ақтау халықаралық әуежайы да шет қалмады. Ал, «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы жедел жәрдем қызметіне екі автокөлік бөлді. Қолдау көрсетушілердің барлығын тізіп айту мүмкін емес, - дейді Маңғыстау облысы дене сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева.
Қазір медиктер екі есе қиындықты сезінуде, себебі оларға физикалықтан бөлек психологиялық салмақ түсіп отыр. Ақ халаттыларды қолдауға Иманғазы Досмұхамедов бастаған «Біз адамдар - біз біргеміз» қайырымдылық қорының командасы кірісіп кетті.
- Біздің еріктілер тәттілер мен ыстық тамақпен қамтуды қолға алды. Бұл уақытша қиындық деп ойлаймын. Қазір баршамыз дәрігерлерге қолдау білдіруіміз керек, - дейді Иманғазы Ибатұлы.