Өңірде коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында санитарлық, сақтық шаралары күшейтілді. Осы мәселеге байланысты өткен брифингке облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысты.
- Қазіргі уақытта облыста 634 адам бақылауда, 77 адам стационар жағдайында, 557 адам үй карантиніне алынған. Сонымен қатар 38 адам дәрігерлер қоңырау шалу арқылы бақылауда, -деді Асхат Оралов.
Ал, бұған дейін өңірде 1 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Қазір ол адаммен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлік тексеру шаралары жасалды. Олардан вирус белгілері анықталған жоқ.
Жалпы өңір бойынша 1262 бақылауда адам болса, осы уақытта 628 адам бақылаудан алынған.
Сонымен бірге облыста арнайы комиссия жұмыс жасауда. Аймақтық жедел штаб тәулік бойы қызмет атқаруда.
Облыс тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай 109 нөмірі, жедел жәрдем қызметінің 103 нөмірі және республикалық деңгейде 1406 нөмірлері қызмет көрсетуде.
Павлодар облысы