• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2020

Ақтау: Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі 300-ге жуық маска таратты

287 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері 300-ге жуық медициналық маска тігіп, Ақтау қаласындағы оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына, балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан отбасылы жастарға, мүгедек балалы, көп балалы отбасыларға және №6656 әскери бөлімнің сарбаздарына тегін таратты.Бұл туралы аталған ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

- Бүгін мен облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің қолдау көрсетіп келгендерін көріп, біз қандай қиын жағдай болмасын, бірге екенімізге тағы да көзім жетті. Сіздерге үлкен рақмет! Біз әрдайым біргеміз! - деді Ақтау қаласы, №6656 әскери бөлімнің командирі, подполковник Марат Рахманов.

Масканы жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады. Бірнеше қабат матадан тігілген бетперде ауаны еркін өткізіп тұрады. Сонымен қатар Аналар кеңесінің төрайымы Бернеева Зульфия індеттің алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын ескеру міндетті екендігін айтып, адамдарға бетпердені қалай қолдану керектігі көрсетілген бетшелерді үлестірді және сол бетшелер үйлердің кіре беріс алдарына жапсырылды.

- Қазіргі таңда халықтың басына үлкен қауіп тұр. Елбасы, Тұңғыш Президент Н. Назарбаев айтқандай, қиындықта халыққа қол ұшын беру – игі дәстүр. Сол игі дәстүрімізді жоғалтпай, баршамыз қиын кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуге тиіспіз. Осы орайда, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелеріне осындай еңбектері үшін алғыс білдіргім келеді. Біз әрқашан біргеміз! - деді Бернеева Зульфия.