• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Сәуір, 2020

Мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс кестесі өзгерді

297 рет
көрсетілді

Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары арнайы жұмыс регламентіне көшіп, қызметкерлердің 70% қашықтықтан жұмыс жасау тәртібіне ауыстырылды. Бұл туралы аталған ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Аймақтардағы мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жəне түскі үзіліс 13.00-ден 13.30 сағатына дейін қысқартылды.

Келу тәртібімен салық төлеушілерге қызмет көрсетілмейді.Қызметтерді көрсету тек ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ, сонымен қатар электронды пошта арқылы (электронды түрде қол жетімсіз қызметтер бойынша) жүргізіледі.Егер де жедел түрде ақпарат алу керек болса, бұл жағдайда байланыс орталықтарының телефондарына жүгінуге болады.

Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс телефондары мен электронды мекенжайларының тізімі Комитеттің ресми порталында http://kgd.gov.kz/kk/content/konsultaciya-ushin-telefondardyn-tizimi-1 сілтемесі бойынша  орналастырылған.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі сілтемелерді пайдалануға кеңес беріледі:

https://www.kgd.gov.kz

https://www.facebook.com/kgd.gov.kz

https://www.instagram.com/press_kyzmet_kgd

https://twitter.com/KGD_MF_RK

https://t.me/kgdmfrk

https://dialog.egov.kz/blogs/32783/welcome