• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2020

Атырау облысының әкімі әскерилерді қабылдады

453 рет
көрсетілді

Атырау облысының әкімшілігінде Батыс аймағы әскери прокуратурасының ұйымдастырумен Атырау гарнизонының әскери басқару және құқық қорғау органдарының Ведомствоаралық кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған кеңеске Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов және Атырау гарнизонының барлық әскери бөлімдерінің командирлері мен мекеме басшылары қатысып, 2019 жылғы атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер мен мәселелер талқыланды.

Батыс аймағының әскери прокуроры Нұрлан Айтуғанов жиналғандарға гарнизондағы өзекті мәселелерді көтеріп, көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан бірқатар проблемалық сұрақтарды облыс әкіміне жеткізді.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты «Батыс» өңірлік әскерлері қолбасшылығының зымыранды-артилериялық қоймасын қауіпсіз жерге көшіру, қадағалаудағы әскери бөлімдер мен мекемелерде бос орындардың көп екендігін, облыс аудандарында Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің ғимараттары мен әскерге шақыру пункттерін тұрғызу және Мемлекеттік шекараға қатысты бірқатар мәселелерді айтты.