• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Әскери қызметшілер Атырау қаласының 100 объектісін дезинфекциялады

186 рет
көрсетілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Атырау қаласында 135 750 шаршы метрден астам жерді өңдеп, 100-ден аса түрлі нысандарды зарарсыздандырды. Бұл туралы аталған қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Атырауда Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерімен қоғамдық орындарға кең көлемде дезинфекция жүргізуде. Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап Атырау қаласында Жилгородок, Лесхоз, Нұрсая, Авангард-2,3,4 ықшам аудандарында, сонымен қатар Қ.Сәтпаев көшесінің бойындағы үйлердің учаскелерінде санитарлық шаралар аяқталды.

Дезинфекция тұрғын үйлердің және оған іргелес аумақтардың, ойын алаңдарының, алаңдар мен саябақтардың, мемлекеттік мекемелердің, базарлардың, теміржол вокзалдарының және әуежайдың учаскелерінде жүргізілді.

Қызмет көрсету үшін персонал арнайы жабдықтармен, газсыздандыратын қорғаныш жиынтықтарымен, сондай-ақ «Рубеж» маркалы дезинфекциялық ерітінділермен қамтамасыз етілген.

-Әскерилер жеке қорғаныс костюмдерінде жұмыс істейді. Жуғыш заттарды өңдеу үшін «Рубеж» дезинфекциялық ерітіндісі бар жеке газсыздандыру жиынтықтары қолданылады. Ол адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз және 5 сағатқа дейін әрекет етеді. Зарарсыздандыру үшін реагенттерді қажетті көлемде AРС-14 автокөлік құю станциялары қамтамасыз етеді, дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының РХБ қорғаныс әскерлерінің бастығы Алмас Несіпқалиев.

Айта кетсек, карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында Атырау қаласына 195-тен астам әскер жұмылдырылған. Коронавирустың таралуын болдырмау үшін Қорғаныс министрлігі қалалардағы көшелерді, ғимараттар мен халық көп жиналатын жерлерді санитарлық тазарту үшін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс қондырғыларының әскерлерін жіберді.

 

Маңғыстау облысы