• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2020

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері блок-посттарды күшейтуге шықты

315 рет
көрсетілді

Атырау қаласында карантиндік режимді қамтамасыз ету шаралары аясында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Полиция департаментінің өкілдерімен бірге блок-посттарда қызмет етуге шықты. Бұл туралы аталған қолбасшылықтың баспасөз қызметінен капитан Р.Игисинов хабарлады.

Атырау облысы Полиция департаментінің басшылығымен карантиндік аймақтардың периметрі бойынша блок-посттардағы кіру және шығу шектеулерін сақтау бойынша бірлескен қызмет ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда Атырау облысында төрт блок-постта 60-қа жуық әскер қызметшілер екі ауысыммен қызмет етуде. Оған қоса, блок-посттарды күшейту мақсатында төрт «Арлан» брондық техникасы бөлінді.

- Блок-посттарда тек қана тәжірибелі әскери қызметкерлер тартылды. Олар қазіргі қалыптасқан жағдайды және аймаққа қандай қауіп төніп тұрғанын жақсы түсінеді. Әскери қызметшілер түрлі қызметтік жағдайларда дұрыс шешіп қабылдап, халық игілігіне қызмет етуге әзір, - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Алдияров.

Жоғарыда айтылғандай, «Батыс» өңірлік қолбасшылығынан нысандарды дезинфекциялау және қаланы патрульдерден басқа, блок-посттарды күшейту үшін тиісті дайындықтары бар келісімшартты әскери қызметшілер тартылған болатын.

 

Маңғыстау облысы