
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылды.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Президенттің келесі Жарлығымен Білім және ғылым министрі болып Сарынжипов Аслан Бәкенұлы тағайындалды. Ол бұған дейін Назарбаев университеті кластерін Қадағалау комитетін басқарған.