• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2013

Боробудур

334 рет
көрсетілді

Адамның бәрі бірдей еместігі секілді, елдің де бәрі бірдей емес. Олардың да бірегейлері бар. Индонезия – сондай ел. Бірегейлігі емей немене, егер Оңтүстік-Шығыс Азия мен Австралияның аралығындағы бұл ел ұзын саны 17 508 аралды жайлап жатса, бірегейлігі емей немене, егер құрғақтағы аумағы 1,9 миллион шаршы шақырымды құрайтын, дүниеде жер көлемі жөнінен он төртінші орын алатын сол елде қазір 245 миллион адам (кешегі Кеңес Одағының бүкіл халқы 250 миллион болғанын еске түсіріңіз) өмір сүріп, әлемде халқының саны жөнінен төртінші орында тұрса, бірегейлігі емей немене, егер жер түбінде дерліктей, араб әлемінен де, түркі дүниесінен де соншама шалғайдағы сол елдегі халықтың 88 пайызы ислам дінін ұстанса. Осы жайлардың өзі Индонезияның бірегей бітіміне даусыз дәлел бола алады.

Айтқандай, «Егемен Қазақстанның» оқырмандары үшін біздің қасиетті дініміздің Индонезияға қалай тарағанын білу әбден-ақ қызғылықты деп ойлаймыз. Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің шақыруы бойынша сол жаққа жолымыз түсетінін естігеннен кейін-ақ ел жайында іздестіре бастаған деректеріміздің бірі осыған қатысты еді. «История арабских завоеваний» деген кітапты қарап отырсаңыз арабтардың қайқы қылышы жеткен жерлер арасынан Индонезияны таба алмайсыз, арабтар ол аралдарды жаулауға бармаған да. Сонда қалай болғаны? Былай болған екен. Интернеттегі «islam.az» сайтынан «Интересная история распространения Ислама в Индонезии» деген мақала біздің дініміз ол аралдардағы адамдар жүрегіне игілікті идеяларымен жеткенін көрсетеді. Индонезияға алғашқы мұсылмандар Исламды тарату үшін емес, сауда жасау үшін барған. Бір мұсылман мата сатып жүріпті. Ол кезде елдің жұрты пұттарға табынатын. Жаңағы саудагер шаруасымен бір жаққа шығып кеткенде оның көмекшісі қателесіп, кездеме матаны қымбаттау бағамен сатып жібереді. Қожайын дүкенге келе салысымен көмекшісінің жаңылыс кеткенін естіп, қатты қапаланады. «Бұл неткенің? Мынау халал іс болмады. Біз тұтынушыны алдадық, енді одан кешірім сұрауымыз керек», дейді ол. Содан жаңағы саудагер әрі іздеп, бері іздеп ақыры әлгі кісіні табады. Үйіне барып, жалынып-жалпайып қате қадамына кешірім сұрап, артық алған ақшасын қайтарып береді. Тұтынушы аң-таң қалады. «Біз мұндайды бұрын-соңды естіп-білген емеспіз. Мына болмашы айырманы қайтару үшін сен мені осынша уақыт іздеп, әуреге түстің. Не үшін осылай еттің?». Сонда сау­дагер: «Исламда ақша тек адал жолмен табылуы керек. Басқаның көк тиынын иемденсең де күнәһарсың. Егер біреу біреуді өкпелетсе ол одан кешірім сұрап, батасын алуға тиіс. Әйтпесе ол Алланың қаһарына ұшырайды», дейді. Одан әрі есі шыға таңданып әлгі адам кете барады. Жаңағы естігенін көршілері мен туысқандарына айтады. Саудагердің сөзі ауыздан-ауызға тарап, елдің әміршісіне де жетеді. Әмірші саудагерді шақырып алып, бар мән-жайды оның өз аузынан естиді. «Сен өзіңнің дінің адамды дәл осылай етуге міндеттейді дейсің. Маған ислам туралы айтшы. Мұсылман болу үшін не істеу керек?», дейді әмірші. Саудагердің дін жайындағы әңгімелерін тыңдаған сайын әмірші елти түсіп, ақыр аяғында мұсылман дініне көшуге бекінеді. Оны көріп сарай маңындағылар, оларды көріп жер-жердегі әкімқаралар, оларды көріп солардың қарамағындағылар Исламды ұстана бастайды. Сөйтіп аз уақыттың аясында қалың әскер барып қайтпай-ақ, ешкім уағыз айтпай-ақ Индонезия мұсылман дініне көшіп шыға келеді.

Осы бірегей елдің бірқатар ер

Соңғы жаңалықтар