Қайрат МӘМИ, Парламент Сенатының Төрағасы:
Атқарылар жұмыстар ауқымы қомақты
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің кезекті сессиясын ашты.
Бесінші шақырылымдағы Парламенттің 3-сессиясы «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді іске асыруда шешуші мәнге ие. Экономиканың қарыштап өркендеуі, жан басына шаққандағы табыстың жоғары деңгейіне қол жетуі, алтын-валюта қоры мен Ұлттық қордағы қомақты қаржы-қаражаттың жинақталуы – осының бәрі еліміздің даму бағдарының дұрыстығын дәлелдейді және біздің мемлекетіміздің әлемнің ең өркенді елдерінің қатарына қосылуға әзірлігін көрсетеді.
Қайрат МӘМИ, Парламент Сенатының Төрағасы:
Атқарылар жұмыстар ауқымы қомақты
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің кезекті сессиясын ашты.
Бесінші шақырылымдағы Парламенттің 3-сессиясы «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді іске асыруда шешуші мәнге ие. Экономиканың қарыштап өркендеуі, жан басына шаққандағы табыстың жоғары деңгейіне қол жетуі, алтын-валюта қоры мен Ұлттық қордағы қомақты қаржы-қаражаттың жинақталуы – осының бәрі еліміздің даму бағдарының дұрыстығын дәлелдейді және біздің мемлекетіміздің әлемнің ең өркенді елдерінің қатарына қосылуға әзірлігін көрсетеді.
Елімізге қажетті реформалар мен жаңғыртуларды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету тұрғысындағы Парламенттің жұмысына Президенттің жоғары баға бергені ерекше маңызды.
Жаңа сессияда заң шығару жұмыстары негізгі бес бағытқа шоғырланатын болады. Олар: экономикалық өркендеуді құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету, инновациялық үдерістерге серпін беру, әлеуметтік саясат, құқық қорғау заңнамасын реформалау, сондай-ақ елімізге маңызды халықаралық келісімдерді ратификациялау. Атап айтқанда, Кәсіпкерлік кодексі, Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүргізу кодекстері, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі, тұрғын үй, еңбек қатынастарына, жастар саясатына, жер қойнауы және оны пайдалануға, даму институттары жұмыстарын жетілдіруге, энерготиімділік пен энергия үнемдеуге, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге және де еліміз өміріндегі басқа да маңызды салаларға қатысты заң жобалары қаралатын болады. Одан басқа, Президент БСҰ-ға кіруді және Еуразиялық экономикалық одақты іске қосуды көздейтін ратификациялауға жататын халықаралық құжаттарды белгіледі.
Сөйтіп, Мемлекет басшысы Парламенттің жаңа маусымындағы басымдықтарды нақты белгілеп берді. Бұл жерде депутаттар жақын күндерде аймақтарға сапардан оралғанын, олардың әлеуметтік салалар нысандарында, өндірістерде, шағын және орта кәсіпорындарда болғанын, жұртшылықпен кездескенін атап өткім келеді. Заң шығару ісіндегі жаңа маусым алдында жергілікті жерлердегі кездесулер мен пікірлесулердің нәтижелері депутаттар үшін ерекше пайдалы екені даусыз.
Осы сәтті пайдалана отырып, жақында Президенттің Жарлығымен тағайындалған жаңа сенатор-әріптестерімді құттықтағым келеді. Таяуда олар Сенаттың тұрақты комитеттеріне сайланады. Жаңа депутаттардың мол тәжірибесі мен кәсіби білімі заң шығару ісіне тиімді ықпал жасап, қазақстандық парламентаризмді дамытуға қызмет етеріне нық сенімдімін.
Мемлекет басшысы белгілеп берген басымдықтар, тұтас алғанда, таяудағы он айға, яғни сессия аяғына дейінгі парламентшілердің «жол картасына» айналатын болады.
Қорытып айтқанда, жаңа сессияда Парламент пен Үкімет біздің еліміздің одан әрі дамуы мен игілігі жолында бірлесе отырып, сындарлы жұмыстарды жалғастыра беретініне кәміл сенемін.
Нұрлан Нығматулин, Парламент Мәжілісінің Төрағасы:
Біз Елбасы тапсырмаларын орындаудың берік заңнамалық негізін қамтамасыз етеміз
Бесінші шақырылған Парламенттің 3-сессиясы басталды. Осыған орай палаталардың бірлескен отырысы өтіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутаттық корпустың заң шығармашылық қызметінің негізгі бағыттарын айқындап берді.
Халық қалаулылары Елбасы тапсырмасын абыроймен атқаруға дайын. Барлық күш-жігер бұрынғыдай «Қазақстан-2050 Стратегиясына» сәйкес, Пре