• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2013

Сенат бюросының отырысы

284 рет
көрсетілді

Кеше Қайрат Мәмидің төра­ғалық етуімен Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Сена­ты­ның бюро отырысы болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Кеше Қайрат Мәмидің төра­ғалық етуімен Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Сена­ты­ның бюро отырысы болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Бюрода палатаның биылғы 3 қыркүйекте бо­ла­тын отырысының күн тәртібіне ұсыныстар қаралды. Депутаттар Сенат Төрағасының орынба­са­рын, тұрақты комитеттердің құрамына Сенат депу­тат­тарын сайлау және Табиғатты пайдалану мен ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төра­ға­сын сайлау мәсе­лелерін талқылайтын болады.

Ұлттық заң шығару жүйесін қалып­тастыру мен жетілдіруге, сон­дай-ақ, парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін бюро Оралбай Әбдікәрімов, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Болат Жылқышиев, Ғани Қасымов, Қайрат Нұрпейісов, Александр Судьин, Юрий Цхайды Парламент Сенатының Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар