
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің XIII сессиясының отырысы өтеді.
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің XIII сессиясының отырысы өтеді.
Сессия жұмысына Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Украинаның жоғары қаржы бақылау органдарының бірінші басшылары қатысады. Сондай-ақ, осы іс-шараға Грузия есеп палатасының төрағасы бақылаушы ретінде шақырылды.
Отырысқа еліміздің мемлекеттік органдарының, ТМД-ның бірқатар елдерінің елшіліктерінің, сондай-ақ АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (ЮСАИД) және Дүниежүзілік банктің өкілдері де қатысады.
Сессияға қатысушылар ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдауға бөлінетін қаражатты пайдаланудың аудиті бойынша жоғары қаржы бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттырудың жолдарын талқылайды.
Сонымен қатар, сессия шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО басшылары кеңесінің Маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сараптамалық тобының және ТМД-ның ЖҚБО үшін мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмыстарының нәтижелері қаралатын болады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруды қамтамасыз ету, өзара іс-қимылды үйлестіру және тәжірибе алмасу үшін 2000 жылы құрылған болатын.
Есеп комитеті Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады. Ол республикалық бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік бағдарламалардың, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысын сыртқы бақылауды және бағалауды жүзеге асырады. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген мемлекеттің қаржы ресурстарының пайдаланылуын бақылайды. Мемлекеттің гранттары мен активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланудың тиімділігіне талдау жасайды, сондай-ақ, Ұлттық банк активтерін пайдаланудың сәйкестігіне бақылау жүргізеді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі.