
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев «Жэньминьван» ақпараттық сайтының «Цянголуньтань» форумында Қытайдың ғаламтор пайдаланушыларымен онлайн-қатынас өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев «Жэньминьван» ақпараттық сайтының «Цянголуньтань» форумында Қытайдың ғаламтор пайдаланушыларымен онлайн-қатынас өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Онлайн-қатынас ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарына және БҰҰ-ның Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орайластырылды.
Н.Ермекбаев тікелей эфирде сұрақтарға жауап беріп, қытайлық ғаламтор пайдаланушыларға Қазақстан-Қытай дамуының негізгі бағыттары, соның ішінде екі елдің қауіпсіздік, сауда, энергетика, көлік, туризм, білім саласындағы ынтымақтастығы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы туралы айтты.
Онлайн-конференция барысында елші халықтың әл-ауқат деңгейін және елдің халықаралық абыройын арттыруға бағытталған Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы және «қытай арманы» тұжырымдамасының ұқсастығы туралы пікір алысты.
Н.Ермекбаев Қазақстанның ғаламдық ядролық қарусыздану және ядролық қауіпті азайту үдерісіндегі жетекші рөліне баса назар аударды. Ол «АТОМ» халықаралық жобасының өзектілігін атап өтіп, қытайлық ғаламтор пайдаланушыларды бүкіл әлемдегі ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдар үшін бір минуттық үнсіздікке шақырды.
Онлайн-қатынас барысында «Жэньминьван» сайтында 1,1 миллион адам болды. «Жэньминьван» сайтында Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай және «АТОМ» жобасына арналған арнайы парақша ашылды.