Тәжікстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні мен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Фотокөрменің ашылу салтанатына Қазақстанның елшісі Ағыбай Смағұлов, Парламент депутаттары, қоғамдық, саяси, мәдени қайраткерлер және Тәжікстанның танымал ғалымдары, «Бәйтерек» ұлттық мәдени орталығы мен «Тәжікстан-Қазақстан» достық қоғамының белсенділері, Душанбедегі дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Іс-шараға қатысушыларға еліміз туралы, сонымен қоса, Қазақстан Республикасының ядролық қаруға қарсы бастамалары айтылған кітаптар, фотоальбомдар, буклеттер мен бейнетаспалар таратылды.
Тәжікстанның Ұлттық кітапханасына қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктері әсерлі түрде баяндалған 100-ден астам кітап табыс етілді.