Женевада Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бөлімшесімен бірлесе отырып Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтті. Шараға халықаралық ұйымдар және дипломатиялық миссиялар, жетекші сараптама орталықтарының басшылары, сондай-ақ жетекші баспасөз және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Аталған шараның Женевадағы БҰҰ Ұлттар сарайындағы «Қазақстан» көпмақсатты конференц-залының салтанатты тұсаукесер шеңберінде ұйымдастырылуы ерекше мәнге ие болды. Бұл залды ашу туралы шешімді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуына 20 жыл толуына байланысты қабылдаған еді.
Шетелдік дипломаттар мен БҰҰ қызметкерлері «Қазақстан» көпмақсатты залы БҰҰ-ның Женева бөлімшесі ғимаратындағы ең көркем және техникалық жабдықталуы жағынан озық залға айналғанын бірауыздан атап өтті. 145 кісі қабылдауға шақталып, жаңа технологиялармен жасақталған зал ілеспе аудармамен қамтамасыз етілетін салиқалы халықаралық форумдар өткізу, фильмдер көрсету, сондай-ақ мәдени шаралар ұйымдастыру үшін қолданылатын болады. «Қазақстан» Астана көріністері және дала пейзаждарымен көркемделген гобелендермен әсемделген, ендігі, терезе витраждары ұлттық нақыштағы түрлі-түсті мозаикамен безендірілген.
Шара барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев және Тұрақты өкіл Мұхтар Тілеуберді сөз сөйлеп, «Embrace! A World Free of Nuclear Weapons» атты деректі фильм көрсетілді.
Өз сөзінде Қ.Тоқаев таратпау режімін нығайтуға және әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан тарихи үлесі үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа халықаралық қауымдастық атынан ризашылық білдірді. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау үдерісін дамытудағы рөліне БҰҰ-ның беретін жоғары бағасын атап өтті. БҰҰ Женева офисінің басшысы БҰҰ-ның Қазақстанмен ықпалдасуы жаңа мазмұнға ие бола беретініне сенім білдірді.