• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2013

Жаңа колледждің тұсауы кесілді

376 рет
көрсетілді

Биылғы Білім күні мерекесі аясында Астана қаласындағы «Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академия­сының негізінде «Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжі ашылды. Кәсіби мамандар даярлайтын жаңа білім ошағының тұсаукесері салтанатты рәсіммен өрнектелді.

 

Биылғы Білім күні мерекесі аясында Астана қаласындағы «Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академия­сының негізінде «Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжі ашылды. Кәсіби мамандар даярлайтын жаңа білім ошағының тұсаукесері салтанатты рәсіммен өрнектелді.

Жаңа білім ошағының ашылу салтанатында «Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжінің директоры Никира Омарова құттықтау сөз сөйлеп, колледждің алдында тұрған негізгі міндеттерді саралап берді. Бұл жаңа оқу орнының ашылуы елімізде кең өріс алған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен сабақтасып жатыр. «Тұран-Профи» қалалық шаруа­шылық колледжін ашудағы басты мақсат – қарқынды дамып келе жатқан еліміздің бас қаласының шаруашылығындағы сан-қырлы қыз­мет түрлеріне қажетті жоғары техникалық-кәсіби мамандар даярлау. Сонымен бірге, колледж базасында мамандардың біліктілігін арттыру, қайта дайындау міндеттері де жүзеге асырылады.

Жаңа оқу орнының халық­аралық оқу стандарттарына сай оқу-өндірістік базасы бар. Алдағы уақытта колледж Германия, Ре­сей, Украина және Беларусь мем­лекеттеріндегі осындай колледж­дермен тығыз байланыста жұмыс жасамақ. Оған қазірдің өзінде алғышарттар жасалуда. Жаңа білім ошағының ашылуына байланыс­ты өткен іс-шараға «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының атқарушы директоры Талғат Дос­кенов, «Нұр-Отан» ХДП-ның Са­раптау, жобалау және әлеуметтік институттар орталығының жетекшісі Қазбек Қазкенов, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ұйымының атқарушы директоры Темірлан Алтаев, «АстанаЛифтСтрой» ЖШС-нің директоры Анатолий Зелюкин және басқа арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар