• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2013

Ел мен ел араласса – ырыс

280 рет
көрсетілді

Таяуда Алматы облысы мен Алматы қаласының мәдениет күндері Жетісудың кіндік қаласы Талдықорғанда басталып, Қаскелең қаласында жалғасын тапты.

Таяуда Алматы облысы мен Алматы қаласының мәдениет күндері Жетісудың кіндік қаласы Талдықорғанда басталып, Қаскелең қаласында жалғасын тапты.

«Елбасы тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуі­рінен бастап, облыстар арасында мәдениет апталығы өткізіле басталғаны мәлім. Сол дәстүрлі шара аясында ақпараттық және мәдени жетістіктер алмасылып, әлеу­меттік-экономикалық бай­ланыстар нығайа түсті. Негізі Алматы қаласы мен Алматы облысының ұқ­састығы тек Ал­маты деген атауында ғана емес тұр­ғындарының әл-ауқа­ты мен рухани дамуына да байланысты. Оңтүстік Астана маңында азық-түлік белдеуін қалыптастыру мақсатында біздің өңірдің ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерінің жәр­мең­кесі қалада жыл сайын ұйым­дастырылып келеді. Сондай-ақ сауда, өнеркәсіп, туризм, білім, тағы басқа салалар бойынша тығыз қарым-қатынас орнаған», деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов.

Өз кезегінде Алматы қа­ла­сы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова алты жыл­дан бері күзге салым ал­ма­тылықтар асыға күтетін «Же­тісу жәрмеңкелерінде» сапалы өнімдер бағасы қа­ра базардағыдан 20-22 пайызға арзан бағамен сатылатындығын және бү­гінгі өмір жетістіктері бо­лашақта мәдениет мәйегімен өлшенетіндігін баса айтты.

Қазақстанның халық әр­тісі, жезтаңдай әнші Нұр­ғали Нүсіпжанов бастаған өнер майталмандары тамылжыта ән салып, құйқылжыта күй төгіп, мың бұрала билегенде ел жадырап, шадыман шат­тыққа бөленді.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар