• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қыркүйек, 2013

Аналарға арналған апталық

420 рет
көрсетілді

Облыс орталығында «Әйел денсаулығының апталығы» болып өтті. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл шараның өз деңгейінде өтуіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы белсене қатысты.

Облыс орталығында «Әйел денсаулығының апталығы» болып өтті. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл шараның өз деңгейінде өтуіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы белсене қатысты.

Апталық барысында 26000 адам дәрігерлердің қабылдауында болып, ақыл-кеңестер алды. Диаг­ностикалық, зертханалық зерттеулер жүргізілді. Тексеріс нәтижелері бойынша 2251 науқас әйел анықталды. Сонымен қатар, қаладағы емханаларда «Эколайф» адам репродукциясының орталығы мамандарының қатысуымен семинарлар ұйымдастырылды. Апталық соңында әже-апалардың қатысуымен танымдық байқаулар өтті. Мысалы, жүкті әйелдер арасындағы «Ең сүйкімді және тартымды болашақ ана», «Ұзақ жасау құпиялары» сияқты қы­зықты шараларға жас қыздар, келіншектер көп жиналды. Байқау жеңімпаздары денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен марапатталды. Облыстық саламат­ты өмір салтын қалыптастыру ор­талығы директорының орынбасары Гүлнәр Нұрахметованың айтуынша, байқаулар жас қыздар, әйелдер зейнет жасына жетсе де гүлдей жай­нап жүрген апа-әжелерін көріп ойлансын, саламатты өмір сүруге ұмтылсын, ден­саулығына жауапкершілікпен қарасын деген мақсаттан туған. Алда да осындай шаралар жалғаса бермек.

Алдағы қазан айында 11-12 жастағы 4300 қыз балаға папил­лома вирусына, яғни жатыр мой­нының ісігіне қарсы жаппай ек­пе жасалмақ. Облыстық ден­саулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлі­мінің меңгерушісі Алмагүл Ах­метжанованың айтуынша, он­кологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған бұл ша­раға республикалық бюджет­тен 100 миллион теңге қа­ра­жат бөлініпті. Өйткені, облыста әйел­дер ара­сындағы он­ко­ло­гия­лық аурулар деңгейінің көр­сеткіші осындай шұғыл шаралар жүргізуді қажет етіп отыр. Сон­дықтан, 11-12 жастағы қыз балалар таңдалынып отыр. Дәл осы кезеңде екпе жасалатын бол­са, қыз балалардың бойында қатерлі ісікке қарсы иммунитет қалыптасады екен.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР.

Соңғы жаңалықтар