Тәуелсіздігімізді алған соң көп ұзамай Елбасының бастамасымен 1992 жылы күзде жер шарына тарыдай шашылып кеткен қазақтардың тұңғыш құрылтайы шақырылып, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылғаны белгілі. Осы уақытқа дейін елімізде бұл ұйымның төрт құрылтайы өтіп, оның барлығында да қауымдастықтың Төрағалығына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Қауымдастықтың қазір Қазақстанның сыртқы елдермен шекаралас облыстарындағы Өскемен, Талдықорған, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Павлодар, Атырау, Шымкент қалаларында филиалдары құрылып, жұмыс жүргізіп отыр. Енді Қостанай қаласынан да қауымдастық тоғызыншы филиалын ашты.
Тәуелсіздігімізді алған соң көп ұзамай Елбасының бастамасымен 1992 жылы күзде жер шарына тарыдай шашылып кеткен қазақтардың тұңғыш құрылтайы шақырылып, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылғаны белгілі. Осы уақытқа дейін елімізде бұл ұйымның төрт құрылтайы өтіп, оның барлығында да қауымдастықтың Төрағалығына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Қауымдастықтың қазір Қазақстанның сыртқы елдермен шекаралас облыстарындағы Өскемен, Талдықорған, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Павлодар, Атырау, Шымкент қалаларында филиалдары құрылып, жұмыс жүргізіп отыр. Енді Қостанай қаласынан да қауымдастық тоғызыншы филиалын ашты.
Жақында осы филиалдың тұсаукесері өтті. Қостанай облысы Ресейдің Челябі, Орынбор, Қорған облыстарымен шекараласады. 2010 жылғы жалпыресейлік халық санағы бойынша көрші елде 648 мың қандастарымыз тұрады. Ал Қостанай облысымен шекаралас Орынбор, Челябі және Қорған облыстарында 168000 қазақ тұрып жатыр. Бұл Ресейдегі барлық қазақтың төрттен бірі деген сөз. Сондықтан қазекемнің «бармасаң, келмесең – жат боларсың» деген қанатты сөзінің маңызы арта түсері хақ.
Тұсаукесерге Қостанаймен іргелес осы үш облыстың сыртында Свердлов облысынан да қонақтар келді. Олар Қостанай қаласындағы зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, облыс орталығындағы көрікті жерлерді аралап көрді. Мұнан кейін ұйымдастырылған дөңгелек үстел мәжілісінде сырттағы қандастарымыздың қажеті туралы әңгіме қозғалды. Мұндайда, әрине, алдымен ауызға ана тілінің ілінетіні заңды. Қонақтар қазақ тілін үйрететін мұғалімдердің, түрлі әдістемелік құралдардың жетісе бермейтіндігін тілге тиек етті. Қостанай облысы тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен Челябі облысында біраз жылдан бері қазақ тілін үйрететін мұғалімдердің семинары ұйымдастырылады, оларға түрлі әдістемелік құралдар, оқулықтар жеткізіліп жүр. Тұсаукесер кезінде Тіл үйрету орталығының директоры Жұлдызай Ербатырова қонақтарға осы жөнінен мол ақпарат берді. Сонымен қатар қонақтар «Ханым» сән ательесі дизайнері Татьяна Тайшықованың дайындаған ұлттық костюмдерін тамашалады. Сырттағы қазақ жастарын атажұртпен араластыру мәселесі қаралды, бұл жөнінде жергілікті жоғары оқу орындарының өкілдері де сөз алды. Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана ұжымы қандастарға «Қазақ диаспорасының жасампаз әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті» атты кітап көрмесін ұсынды. Қандастар шөліркеп тыңдайтын ән мен күйге де кезек берілді.
– Ресейде біршама қазақтар тұрып жатырмыз. Тіліміз бен дәстүрімізден қол үзбеу үшін атажұртпен байланыстың қажеттігін сезініп жүреміз. Қостанайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының филиалы ашылады дегенді көрші облыстардағы бауырлардан естіп, өзіміз шақыртусыз-ақ келіп қалдық. Міне, енді біз де тіл үйрену үйірмелерін ашу үшін осы филиалдың арқасында материалдар, ұлттық киімдер алатын боламыз, – деп ағынан жарылды Екатеринбургтегі қазақтардың «Еуразия-Қазақстан» ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Қадыр Бегжанов.
Осы шараға Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Талдау орталығының директоры Күлғазира Балтабаева келіп қатысып, дүние жүзіндегі қандастарымызбен жүргізіліп отырған жұмыстарға шолу жасады. Күлғазира Нұранқызы осы шараның алдында Рудный қаласы, Качар кенті мен Таран ауданында тұрып жатқан оралман ағайындармен де кездесті.
Осы өңірге негізінен Өзбекстаннан көшіп келіп, орналасып жатқан ағайындардың проблемалары жоқ емес екен. Әсіресе, оралман куәлігіне ие болған олардың алты айға дейін жеке басының куәлігін, төлқұжатын алуы кешігеді. Куәлігінсіз, ИИН-сіз оларды ешкім де жұмысқа алмайды. Қоныс аударған ағайындардың көпшілігі көп балалы отбасылары болып саналады. Әлі ой-шұқырын білмейтін жерде жа