Іле полигонында «Дала қыраны – 2013» халықаралық бітімгерлік жаттығуы аяқталды. Әлемнің 12 елінен келген әскери қызметшілер екі апта бойы бірлескен операцияларды өткізудің қыр-сырларын меңгерді.
Іле полигонында «Дала қыраны – 2013» халықаралық бітімгерлік жаттығуы аяқталды. Әлемнің 12 елінен келген әскери қызметшілер екі апта бойы бірлескен операцияларды өткізудің қыр-сырларын меңгерді.
«Қазбаттың» жауынгерлері әскери дайындықтарының жоғары деңгейде екендіктерін көрсетті. Шетелдік әріптестер қазақстандық әскерилердің үздік нәтижелерін атап өтті. «Қазбаттың» патрульдік десантты шабуылдаушы бригадасы елді мекенді тазарту, миналарды залалсыздандыру, жаралыларды тікұшақпен тасымалдау және гуманитарлық жүктерді алып жүру сияқты шараларды жүзеге асыруға қатысты. Сонымен бірге, қазақстандық бітімгерлер «Дала қыраны – 2013» халықаралық бітімгерлік жаттығуына қатысушы елдер қарулы күштерінің өкілдерімен бірге блок-постқа жасалған шартты түрдегі содырлардың шабуылын тойтара білді. Бір атап өтетін жайт – полигондағы ахуал шынайылыққа пара-пар жағдайда болды.
АҚШ, Италия, Ұлыбритания және басқа да жаттығуға қатысушы елдердің әскери командирлері, Қазақстан армиясының бітімгерлік миссияны орындауда зор әлеуетке ие болып отырғандығын және «Қазбат» БҰҰ шеңберінде кез келген мемлекетте басқа елдердің қарулы күштерімен бірлесіп әрекет етуге дайын екенін атап өтті.
Жаттығуға қатысқан НАТО сарапшылары «Қазбаттың» іс-қимылының жоғары деңгейде екендігіне таңданыстарын жасырмады.
«Егемен-ақпарат».