• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2020

Азық-түлік жеткізуге 12 миллион теңге бөлді

371 рет
көрсетілді

Жоба аясында «Дүкен.kz» қызметі арқылы көмек көрсетілмек.

Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Қазцинк» компаниясы Өскемендегі мұқтаж жандарға «Дүкен.kz» қызметі арқылы азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін 12 миллион теңге бөлді. Компания бұдан бөлек Өскемен, Риддер, Алтай, Серебрянка, Көкшетау және Жәйрем қалаларындағы кенші ардагерлерге волонтерлік көмек көрсетіпті.

Өндіріс орны Өскемен қалалық әкімдігімен бірлесе отырып мүмкіндігі шектеулі және егде жастағы адамдарды қолдау мақсатында жаңа жобаны қолға алмақ. Жоба аясында «Дүкен.kz» қызметі арқылы көмек көрсетілмек. «Негізі аталған қызмет түрі ақылы. Алайда біздің компания жеткізу қаражатын өз мойнына алып отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандар, 65 жастан асқан қариялар, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері бізге хабарласса болады. Сонымен қатар біз өз қызметкерлерімізді қолдау мақсатында 1000-ға жуық азық-түлік жиынтығын әзірлеп қойдық. Егде адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қазіргі уақытта үйде отырғаны жөн. Біздің әзірлеген азық-түлік жиынтығын бір айдан астам мерзім сақтауға болады» дейді «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

ӨСКЕМЕН