COVID-19 жұқтырған Қызылордадан келген бір науқас ауыр жағдайда, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ақпараттық қызметі.
Ал басқа бес науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Маңғыстау облысында бүгінгі таңда COVID-19-бен тіркелген 6 науқас, оның 5-і Ақтау қаласындағы облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінде, 1-і Жаңаөзен қалалық инфекциялық бөлімінде жатыр.
Құзырлы орындардың хабарлауынша, оларға барлық диагностикалық және емдік іс шаралар жүргізіліп жатыр.
Маңғыстау облысы