• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Сәуір, 2020

Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус жұқтырды

249 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

«Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты. Онымен байланыста болған 530 адам анықталды. Бүгінгі таңда олардың 30-ға жуығы стационарлық емге жатқызылған, 80 адам үй карантинінде. Емделіп шыққандары да бар. Олар қазір қызметін жалғастыруда», деді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, ІІМ қызметкерлері коронавирусты жұқтыру қаупіне байланысты үстемеақы алады.  Ол үшін 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.  Үстемеақыны басшылар емес, блок-посттар мен медициналық мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жеке құрам алады.  Қазір мұндай қызметкерлердің саны 52 мың.