• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Маңғыстау облысы: Шетпеде коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам тіркелді

967 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы аудандық ауруханада коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам тіркелді. Екі науқас та 40 жастағы әйел. Олар Жаңаөзен қаласында 8 сәуір күні вирус анықталған 1974 жылғы әйелмен байланыста болған. Осыған орай карантинге алынып, қаны мен ауыз қуысынан алынған сынамаға зертханалық сараптама жасалынған болатын. Диагностикалық зерделеу нәтижесінде екеуінен де COVID-19 анықталды. Бекітілген протокол бойынша ем шаралары жасалып жатыр. Науқастармен байланыста болған азаматтар анықталып, дәрігерлердің бақылауға алынды. Індет аумағы залалсыздандырылып жатыр.

10.04.2020 жылғы ақпарат бойынша облыста 9 адамнан COVID-19 анықталды. Ақтауда -5, Жаңаөзенде -2, Маңғыстау ауданында -2, делінген орталық таратқан хабарламада.

 

 

Маңғыстау облысы