• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Ақтау: 27 басқарушы компания қалаішілік дезинфекциялық жұмыстарын жүргізуде

234 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қалалық тұрғын-үй инспекциясы мемлекеттік мекемесінің басшысы Өмірзақова Гүлжан Бексатқызы мәлім етті.

COVID -19 індетінің таралуына жол бермеу мақсатында, қала әкімінің басшылығымен тиісті органдардың мүшелерімен жұмыс тобы құрылып, штаб отырыстары өткізіліп, барлық қажетті іс-шаралар ұйымдастырылып, жолға қойылды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланатын  орындарын (лифттер, дәлізде орналасқан терезе, есік тұтқалары, қабырғалары, домофон, сүйеніштерді) дезнифекциялау жұмыстары басқарушы органдарының  қызметкерлерінің және тұрғындардың күшімен жүргізілуде.

-Атап айтқанда 27 Басқарушы компания өздерінің арнайы дезинфекциялық жабдықтарымен тұрғын үйлерде дезнифекциялау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, аталған компаниялар өз жабдықтарын басқа қызмет көрсетушілерге беру  арқылы, кесте бойынша іс-шаралар тұрақты жасасуға көмектеседі. Әкімдік тарапынан, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде шара қабылданып, орындалу барысы қадағалануда, деді Ақтау қалалық тұрғын-үй инспекциясы мемлекеттік мекемесінің басшысы Гүлжан Өмірзақова.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен 1 сәуірден бастап Ақтау қаласындағы барлық шағын аудандардын ішілік аумақтарын, тұрғын үйлердің айналасын дезинфекциялау бойынша жоспар жасақталып, жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Қазіргі уақытта, 1-ші және 17-ші шағын аудандардын аралығына дейінгі барлық аудандар, жаяу жүру жолдары, аялдамалар, үй аулалары мен орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар және спорт ойын алаңдарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, іс-шаралар жалғасуда.

Сонымен қатар, Әскери қызметшілерінен жасақталған жұмыс тобымен, 25-ші наурыздан бері қала бойынша халық көп шоғырланатын орындарды залалсыздандыру жұмыстары іске асырылуда.

30 және 31 наурыз күндері қала әкімдігінің коммуналдық қызметтерімен 7 арнайы техника жұмылдырылып, қала аумағындағы барлық орталық көшелер және теңіз жағалауын дезинфекциялау жұмыстары атқарылды.

Ақтауда 4 сәуірде 11 ш/а 10 үй мекен-жайында КВИ жұқтырған екі адамның және 6 сәуірде 14 ш/а 38 үй мекен-жайы бойынша анықталған тағы екі адамның тұратын тұрғын үйлер толықтай арнайы ұйымдармен дереу дезинфекцияланды. Тұрғын үйдің 500 метр қашықтыққа дейін орналасқан барлық нысандар дезинфекцияланды. Карантин режимінің талабына сәйкес, науқас анықталған подъезд тұрғындары оқшалаунды. Карантинге енгізілген подъезд тұрғындарына санитарлық мамандар барлық ережелерді түсіндірді. Қазіргі таңда аталған объектілерде полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етуде.

Карантиннің уақытына жабылған дәліз тұрғындары бірінші қажеттілік және басқа да тауарлармен тұрақты қамтамасыз етілуде. Сол дәліздердің қасында басқарушы органдарымен бөлек қоқыс жәшіктері де тазаланып тұрады. Ұйымдастыру шараларын қалалық әкімдіктің қызметкерлері үйлестіреді.

 

Маңғыстау облысы