• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Сәуір, 2020

Стипендия алатын студенттерге 42 500 теңге төлем беріле ме

1314 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «42 500 теңге студенттерге беріле ме?» деген сұраққа жауап берді. 

«Студенттер әлеуметтік төлем ала ма деген сұрақ келіп жатыр. Бұл ретте студенттер деген бөлек санат жоқ. Себебі ол - еліміздің кәмелеттік жасқа толған азаматы. Еңбек заңына сәйкес, 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады. Шәкіртақы алатындығына, алмайтындығына қарамастан жұмыс істеуіне еш кедергі жоқ. Ондай шектеу де қойылмайды», - деді министр.

Министр студенттердің басым көпшілігі оқу процесіне кедергі келмейтін уақытта жұмыс істеп жүргенін атап өтті.

«Егер ресми жұмыс істесе, жұмыс беруші береді. Ал өз бетінше ақша тауып жүргендер болса, өтініш берулері қажет. Бірақ одан бір күн бұрын бірыңғай жиынтық төлемді төлеуі керек. Сол кезде әлеуметтік төлем алады. Біз шәкіртақы алатындығын не алмайтындығын тексеріп жатпаймыз», - деді Біржан Нұрымбетов.