Тұрмыстың тұтқасы – тұтастық
Кеше «Rixos» қонақүйінде «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы. Ұрпақтардың әлеуметтік әділеттілігі» деген тақырыпта халықаралық конференция өтті. Елімізде алғаш рет атап өтілгелі отырған Отбасы күні қарсаңындағы шараға Ресей, Беларусь және Литва елдерінен мәртебелі қонақтар қатысты.
Әйел негізінен үйдің сәні әрі үй ішінің тірегі ретінде маңызды рөл атқаратын тұлға екені аян. Қазақ халқы ежелден отбасы бақыты мен баянын да нәзік жаратылыс иелерімен сабақтастырып, салт-санаға: «Әйел –үйдің сәні», «Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс», «Қызы бардың – ізі бар», «Анаңды қадірлесең, әйеліңді жәбірлеме», «Әйелдің жолы –үлкен», «Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді», «Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар» деген сияқты дала философиясы құндылықтарын сіңдірді. Қазақы дәстүрдің қалыбына үйлестіре айтатын болсақ, әйел-ана ежелден ер-азаматтың сенімді серігі, аяулы жары мен жөн сілтер ақылшысы болып құрметтеледі. Отбасындағы бала тәрбиесіне әйел-ана араласпай тіршіліктің тағы да ажары мен аспаны ашылмаған. Көшпелі дәуірдің дәстүрінде бала бағу, яғни оның бес жасқа дейінгі өсіп-жетілуі ананың ақ сүті мен аялы алақаны жылуымен жүзеге асса, одан кейінгі кезеңдегі тәрбиесінде әке мен жалпы қоғамның атқарар міндеті орасан зор деп есептелген. Сондықтан да халқымыз: «Әке – айдын, шеше – ұя», «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» деп ұл-қызының тәлім-тәрбиесі мен өнегелік мектебіне әке мен ананың бірдей жауапты екендігін ескерткен. Солай бола тұрғанмен қай қоғамның да әйелге көбірек міндет жүктеп, бала үшін ананың рөлі бәрінен жоғары тұратынын алға тартуы бекер болмаса керек. Ынтымақ пен бірліктің, төзімділік пен сабырлылықтың, тыныштық пен дүние ажарының кілті әйелдің жүрегінде екені күмән келтірмес тағы бір шындық.
Тұрмыстың тұтқасы – тұтастық
Кеше «Rixos» қонақүйінде «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы. Ұрпақтардың әлеуметтік әділеттілігі» деген тақырыпта халықаралық конференция өтті. Елімізде алғаш рет атап өтілгелі отырған Отбасы күні қарсаңындағы шараға Ресей, Беларусь және Литва елдерінен мәртебелі қонақтар қатысты.
Әйел негізінен үйдің сән әрі үй ішінің тірегі ретінде маңызды рөл атқаратын тұлға екені аян. Қазақ халқы ежелден отбасы бақыты мен баянын да нәзік жаратылыс иелерімен сабақтастырып, салт-санаға: «Әйел –үйдің сәні», «Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс», «Қызы бардың – ізі бар», «Анаңды қадірлесең, әйеліңді жәбірлеме», «Әйелдің жолы –үлкен», «Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді», «Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар» деген сияқты дала философиясы құндылықтарын сіңдірді. Қазақы дәстүрдің қалыбына үйлестіре айтатын болсақ, әйел-ана ежелден ер-азаматтың сенімді серігі, аяулы жары мен жөн сілтер ақылшысы болып құрметтеледі. Отбасындағы бала тәрбиесіне әйел-ана араласпай тіршіліктің тағы да ажары мен аспаны ашылмаған. Көшпелі дәуірдің дәстүрінде бала бағу, яғни оның бес жасқа дейінгі өсіп-жетілуі ананың ақ сүті мен аялы алақаны жылуымен жүзеге асса, одан кейінгі кезеңдегі тәрбиесінде әке мен жалпы қоғамның атқарар міндеті орасан зор деп есептелген. Сондықтан да халқымыз: «Әке – айдын, шеше – ұя», «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» деп ұл-қызының тәлім-тәрбиесі мен өнегелік мектебіне әке мен ананың бірдей жауапты екендігін ескерткен. Солай бола тұрғанмен қай қоғамның да әйелге көбірек міндет жүктеп, бала үшін ананың рөлі бәрінен жоғары тұратынын алға тартуы бекер болмаса керек. Ынтымақ пен бірліктің, төзімділік пен сабырлылықтың, тыныштық пен дүние ажарының кілті әйелдің жүрегінде екені күмән келтірмес тағы бір шындық.
Отбасы күні қарсаңында өткен халықаралық форумға билік, білім, ғылым, бизнес, тағы да басқа түрлі салаларда жемісті еңбек етіп жүрген белгілі тұлғалар, мәдениет пен өнер қайраткерлері қатысып, осы орайда өздерін толғантқан мәселелерді ортаға салды. Жиынды ашқан «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нина Қаюпова алдымен қонақтардың барлығын Отбасы күні мерекесімен құттықтап, жиынны